Қазақстандық Қызыл Ай қоғамы арқылы өз қалаңызда қайырымдылық жасаңыз
Жоба жайлы
«Қайырымдылық сәлемдемелер» жобасы арқылы біз қыйын жағдайға түскен мұқтаж жандарды, мүмкіндігі шектеулі жандармен аз қамтылған отбасыларды тұрмысқа қажетті заттармен,азық-түліктермен қамтамасыз етеміз.

Қайырымдылық сәлемдемесі - бұл жүрегінде иманы бар, қайырымды жандардың қыйыншылықпен өмір сүріп жатқан өзге отбасына көмек қолын созған сәлемдемесі. Бүгінгі бейбіт күннің өзінде де ең ауыр кезеңдерде бастан өткізіп, бір үзім нанға жете алмай отырғандарға бір уақытта жіберілетін көмек.

Жоба Алматы, Нұр-Султан, Семей, Ақтөбе, Қарағанды және Тараз қалаларында жүзеге асады.

Сәлемдемелерді жыйнау науқанының уақыттары:
22 сәуір - 5 мамыр
16 қыркүйек - 4 қазан
2 желтоқсан - 23 желтоқсан
Кім қолдау алады?
Аз қамтылған көп балалы отбасылар,жалғызбасты зейнеткерлер мен жалғызбасты аналар.
Сіз қалай көмектесе аласыз?
Көрсетілген тізімдегі заттарды жыйнақтап өзіңіз тұратын жердін Қызыл Ай қоғамы бөлімшесіне тапсыра аласыз
Болмаса онлайн сәлемдеме арқылы жолдасаңыз болады
Біздің қызметкерлер тізім бойынша тауарларды арнайы қораптарға салып
Еріктілер сіздің жіберген сәлемдемеңізді мұқтаж отбасыларға тапсырады
Қазақстанның Қызыл Ай кеңселерінің мекен-жайы
Алматы
Мекен-жайы: Қонаев көшесі, 86
Телефон: +7 (727) 291 62 91


Нұр-Сұлтан
Мекен-жайы: Республика даңғылы 5/1-42
Телефон: +7 (7172) 44 01 89

Қарағанды
Мекен-жайы: Кривогуз көшесі, 3
Телефон: 8 (7212) 41 43 46

Ақтөбе
Мекен-жайы: Әбілхайыр хан көшесі, 67, 4-ші пәтер
Телефон: 8 (7132) 57-30-21

Семей
Мекен-жайы: Б.Момышұлы көшесі, 70
Телефон: 8 (7222) 505 182

Тараз
Мекен-жайы: 4-ші ықщам ауданы. «Салтанат» 17, 1-ші пәтер
Телефон: 8 (7262) 56-63-72
«Қайырымдылық сәлемделер» құрамы
«Кішкентай» сәлемдеме
«Кішкентай» сәлемдеме
Күнбағыс майы- 1 л.
Қант (шекер)-1 кг.
Шай -250 гр.
Күріш – 1кг.
Қарақұмық- 1 кг.
Макарондар – 1 кг.
Ұн – 2 кг.
«Үлкен» сәлемдеме
«Үлкен» сәлемдеме
Күнбағыс майы- 1 л.
Қант (шекер)-1 кг.
Шай -250 гр.
Күріш – 1кг.
Қарақұмық- 1 кг.
Макарондар – 1 кг.
Ұн – 2 кг.
Тіс пастасы - 1 дана
Тіс щеткасы – 1 дана
Иіс сабын – 1 дана
Кір сабын – 1 дана
Сусабын – 1 дана
Кір жуатын ұнтақ- 1 дана
Әжетхана қағазы – 1 орам
Әйелдердің гигеналық заттары – 1 орам
Бөбектерге арналған жөргектер -1 орам
Ересектерге арналған жөргектер -1 орам
Сәлемдемені онлайн жіберу
Сіздің қайырымдылық жасауға ниетіңіз болғанмен,бос уақытыңыз аз ба? Онда сіз қарбалас жұмысыңыздан,болмаса үйден шықпай -ақ жыл бойы онлайн түрде қайырымдылыққа деп садақа жібере аласыз. Ал біз,сіз жіберген садақаны жыйнап, сәлемдеме түрінде мұқтаж жандарға апарамыз.

«Садақа берсең - жүрегің тазарады. Садақа- берекенің кілті». Сіз қаншалықты көп садақа салсаңыз, біз соншалықты көп сәлемдеме жібереміз!
Онлайн сəлемдеме жіберу
«Кішкентай» сәлемдеме – 4000тг
«Үлкен» сәлемдеме – 8000тг
Ерікті ретінде көмектесу
Осы науқан аясында бізге жыйналған заттарды реттеумен, мұқтаж жандарға сәлемдеме жеткізуге еріктілер қажет. Біздің еріктілердің қатарында болып, жақсылық жасауға ұмтылыңыз
«Жыл сайын Швейцарияның әлеуметтік жобалары арқылы жүздеген еріктілер заттарды реттеп, сәлемдеме жібереді. Біздің елімізде де осындай науқанның жүзеге асқаны көңіл қуантады».
Сана Жумабаева
Ерікті
Сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
Дана Бакиева
Әлеуметтік көмек департаментінің директоры
Телефон: +7 (727) 291 62 91 (ішкі 721)
E-mail: d.bakieva@redcrescent.kz